• Жаңалықтар

    25/03/2013
    Жана ЦЕХТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ фотоальбом                   

    18/03/2013
    ЖАңА ЦЕХТЫң МЕТАЛЛ қУРАМА қАңқАСЫ МЕН СЫРТқЫ IЛМЕ ПАНЕЛЬДЕРДЫң ФАХВЕРК ДIНГЕКТЕРIң ОРНАТУ БАСТАЛДЫ    

    03/12/2012
    БІЗ "АҚТАУ ТЕНIЗПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНДА ЖАҢА ЦЕХТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАДЫҚ

    Компания туралы

    Caspioplast – ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫН САРАПШЫ!

       Caspio Plast ЖШС газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және технологиялық құбырлар үшін әртүрлі диаметрдегі полиэтилен құбырларын өндіруге мамандандырылады.  «Caspio Plast» компаниясы Қазақстан өндірушілерінің…

    Толығырақ
  • Компания туралы

    Caspioplast – ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫН САРАПШЫ!

     

     Caspio Plast ЖШС газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және технологиялық құбырлар үшін әртүрлі диаметрдегі полиэтилен құбырларын өндіруге мамандандырылады.

     «Caspio Plast» компаниясы Қазақстан өндірушілерінің нарығында біршама жақын арада пайда болды, бірақ қазірден бастап өз саласында өзін сарапшы ретінде ұсынды. Біз компания құрылған кезден бастап-ақ алдымызға жоғары дәрежелі өнімді шығаруға міндет қойдық. Осыған қол жеткізуге қазіргі технология, сонымен қатар жетекші дүниежүзілік компаниялардың жабдығы және шикізаты мүмкіндік береді.

        Заманауи экструзиялық жабдықты Battenfeld-Cincinnati компаниясы жеткізеді. Оның экструзия үшін машиналарды өндіру саласында 100 жылдан астам тәжірибесі бар. Осы компанияның жабдығы көптеген параметрлер бойынша өзінің бәсекелестерінен асып түседі . Жоғары сапалы полиэтилен миллиардтық айналымдарда шыққан және сонымен қатар дүниежүзінің 35-тен астам елінде өкілдігі және өндірістік орталықтары бар SABIC компаниясынан сатып аламыз.

        Біздің компаниямен ынтымақтасу – бұл:

    Сапа. «Caspio Plast» ұсынылған өнімнің сапасына клиенттер ризашылық білдіруі үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті жасайды.

    Жеке тәсілдеме. Біз өз клиенттерімізді бағалаймыз және олардың қажеттіліктерін түсінеміз, өзара тиімді ынтымақтастыққа, серіктестіктермен ұзақ мерзімді, сенімді және ашық қатынастарға әрқашан дайынбыз.

    Кәсіпкерлік. Біздің компанияда жоғары білікті персонал жұмыс істейді. Қызметкерлердің көпшілігі Еуропаның жетекші кәсіпорындарында оқудан және кәсіби машықтанудан өтті, сондықтан Сіз біздің біліктілігімізге сенімді болыңыз.

    Тиімділігі. Біз клиенттердің уақытын бағалаймыз. Қызметкерлер тапсырыс берушілер қандай да бір кідіріссіз тапсырысын ресімдеуі, содан кейін тауарын алуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысады.

    Біз Сіз тарапынан шағым болмайтын өнімді және қызмет көрсетуді ұсынамыз!

    Серіктестер

     

    «Battenfeld-Cincinnati» компаниясы пластмассаларды қайта өңдеу үшін жоғары сапалы инновациялық экструдерлерді және экструзиялық жабдықты әзірлейді, жобалайды, дайындайды және сатумен айналысады. «Battenfeld-Cincinnati» - бұл осы саладағы дүниежүзілік нарық үздігі және Германияда, Австрияда, Қытайда және АҚШ өзінің өндірістік орындары бар.

        «Battenfeld-Cincinnati» құрастыру бойынша инновациялық шешімдерді ұсынады және өндірілетін өнім сапасымен ерекшелінеді. Компания тәжірибесі проблемаларды шешудің аса тиімді тәсілдерін табуға мүмкіндік береді және өзінің клиенттеріне ең жоғары деңгейде қызмет көрсетуді ұсынады. Дәл осы факторлар өзінің серіктестігі ретінде «Battenfeld-Cincinnati» таңдаған кезде «CaspioPlast» үшін негізгі болды.

     

     

    «SABIC» - дүниежүзіндегі химикаттарды, тыңайтқыштарды, пластмассаларды және металдарды өндірушілердің ең ірілерінің бірі. Компания 1976 жылдан бері жұмыс істеп келеді және бүгінгі күні 40- тан астам елде әрекет етіп келеді. «SABIC» басты кеңсесі Сауд Арабиясында орналасқан, көбінесе бизнес жүргізу сипатын анықтайды. Компанияның негізгі құндылығы әрқашан серіктестіктермен және клиенттермен тығыз қарым-қатынасы болып қалады. 

        Компания бұрынғыдай дамуын жалғастыруда және нарық қажеттілігін және ең бастысы клиенттерді қанағаттандыру үшін өз технологиясын дамытуда. Осы мақсатпен бағдарлама жасалды, дүниежүзінің әр елдеріндегі ғалымдар жаңа патенттерді әзірлейді. Жұмысқа деген осындай тәсіл «SABIC» МЭГ, МТБЭ, түйіршіктелген поликарбонатты және басқа химиялық өнімдердің бірқатарын өндірушілердің ең озық және ірілерінің бірі болуға мүмкіндік берді. Мысалы, полиэтиленді құбыр маркаларын өндіру үшін жаңа желі «SABIC» дайындау рецептурасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

        «SABIC» және «Battenfeld-Cincinnati» компанияларымен ынтымақтасу «CaspioPlast» әрқашан инновация шыңында болуға және клиенттерге соңғы технология бойынша дайындалған жоғары сапалы өнімді ұсынуға мүмкіндік береді.

     

     

     

     

     

     

     

     

  • Қызмет атқарулар


    «CaspioPlast» компаниясы төменгі қысымды алғашқы полиэтиленнен жоғары сапалы ПЭ-100 маркалы құбыр шығарады. Өнім Battenfeld-Cincinnati жабдығында шығарылады және қатаң түрде мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді (су үшін ГОСТ 18599-2001, газ үшін ГОСТ 50838-95), тапсырыс берушіге ұсынылатын өнімнің жоғары сапасына кепілдік беруімізге мүмкін береді.

        Компания шығаратын құбырларда 160 - 630 мм диаметрлі келесі өлшемдер болуы мүмкін.

        «CaspioPlast» ЖШС нарықта өнімнің негізгі 4 түрін ұсынады:

    Су құбырына арналған құбырлар 

    Көк түспен таңбаланған сумен жабдықтауға арналған полиэтиленді құбырлар. Жоғары қысымға 40оС дейінгі температураға төзімді. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау және басқа сұйықтықтарды тасымалдау үшін қолайлы.

    Су бұруға арналған құбырлар (кәріздік) 

    Су бұруға арналған полиэтиленді құбырлар тасымалданатын сұйықтықтың 0-ден 40оС дейінгі температурасы кезінде арынды және арынсыз кәріздік коммуникациялау үшін қолданылады.

    Технологиялық сұйықтықтарға арналған құбырлар

    Құбырлар өнеркәсіптік және комунальды-тұрмыстық мақсаттар үшін шикізат және отын ретінде қолданылатын сұйықтықтарды жер асты тасымалдауға арналған.

    Сонымен қатар, полиэтилен химиялық тұрақты болатын басқа сұйықтықтарды тасымалдау үшін құбырларды қолдануға рұқсат етіледі.

    Газға арналған құбырлар
    Сары түспен таңбаланған газды полиэтиленді құбырлар. Газды тасымалдауға арналған, жаңа газ таратушы жүйелердің құрылысы немесе жекелеген элементтерді ауыстыруға байланысты жөндеу кезінде қолданылады.

  • Серіктестер

               

           Бүгінгі күннің полиэтилен құбырларының өнеркәсіптік нарығындағы ең өзекті проблемалардың бірі өндірістік сапасыз полиэтилен өнімі. Көбінесе өндірушілер бағаны түсіруге ұмтыла отырып және клиенттердің көпшілігінің көңілін аудару үшін басым көпшілік жағдайда тек қаптама үлдірін дайындау үшін ғана жарамды қайталама шикізатты қолданады. Осыған ұқсас материалдан жасалған құбырлар өздері арналған шарттарға және жүктемелерге сәйкес келмейді. Арзан және сапасыз шикізаттан дайындалған полиэтилен құбырларын сатып алған клиент қатерге бас тігеді, мұндай жағдайда шамалы апат елеулі проблемаға алып келуі мүмкін. Кейбір өндірушілер сапасыз немесе ескірген жабдықты қолданады, бұл өз кезегінде экструзия және құбырдың қалыптасу сапасына кері әсер етеді.

         «CaspioPlast» Компаниясы полиэтилен құбырларын өндіру кезінде Battenfeld-Cincinnati  компанияның заманауи жоғары сапалы жабдығын және Sabic компаниясының экструдерде және дайын құбырды түйістіре дәнекерлеуде қайта өңдеу кезінде полиэтиленнің бүлінуінің алдын алатын термотұрақтандырғыштың ұлғайтылған мөлшерін құрайтын ПЭ-100 шикізат маркасын қолданады. «CaspioPlast» өнімі мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді (су үшін ГОСТ 18599-2001, газ үшін ГОСТ 50838-95), 0-ден 40оС дейінгі температураға төзеді және жоғары беріктігімен ерекшеленеді. «CaspioPlast» ЖШС тапсырыс беруші алдында жауапкершілік көтереді және біздің серіктестіктер құбырларды жүргізген кезде барлық өнімге «толассыз» кепілдікті ұсына алады.

          Өз саласында мамандар бола отырып, тек сапалы құбырларды сатып алып қана қоймай, сонымен қатар оларды дұрыс жүргізу қаншалықты маңызды екендігін түсінеміз. Бүгінгі таңда құбырды адал ниетпен және дұрыс жүргізе алатын құрылыс компаниясын табу оңай емес. Міне, сондықтан тапсырыс берушіге қолайлы және жайлы болу үшін «CaspioPlast» ЖШС сенімді мердігерлермен қызмет етеді, компания олармен бірлесіп полиэтиленді құбырларды монтаждау бойынша жұмыстарды жүргізеді. 


          Осыған ұқсас жұмыстарды орындау кезінде траншея сияқты траншеясыз әдістер де қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар көлбеу-бағытталған бұрғылауды немесе құбырларды жүргізу кезінде майыстыру әдісін қолдану мүмкін.
          Тек бірінші полиэтиленді ғана қолдану, технологиялық дұрыс экструзия және құбырларды қалыптастыру, сонымен қатар сауатты монтаждау «CaspioPlast» компаниясына тапсырыс берушіні берік құбырмен қамтамасыз етуге, сонымен қатар ұсынылған қызметтердің және қолданылатын өнімнің сапасын оны пайдаланудың барлық мерзіміне кепілдік беруге мүмкіндік береді.

     

     

     

     

     

     

     

     

  • Кәсіпорынның мекені

    Қазақстан Республикасы, Манғыстау обылысы, 130000, Ақтау қаласы,
    өнеркәсiп аймақ, "Ақтау Тенiзпорты" АЭА аумағы, №3 субаймақ

     

    +7 (729)2 304-401
    +7 (702) 487-98-78

    Керi байланыс

    Contact form submitted!  We will be in touch soon.
CASPIOPLAST © 2012 - 2018 •